Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да туберкулезден балалар көз жұмуда

Өткен жылдың көрсеткіштеріне сүйенсек, облыста екі бала туберкулезден көз жұмған

Кох таяқшасы анықталған зыряндық 9 жастағы бала қайтыс болса, қазір тағы бір баланың дәл осы дерттен көз жұмғаны және бірнеше баланың қауіпті вирусты жұқтырғандығы туралы ақпараттар мәлім болды.


Анықталғандай, тағы бір көз жұмған бала үш жаста болған және ол көпбалалы отбасынан шыққан. Үй айлық кезінен мүгедек болып, үнемі невропатологтың тексеруінен өтіп жүрген. Бірақ баланың бұл вирусты қашан жұқтырғандығы туралы мәлімет айтылмады. Өткен жылдың мамыр айында бала ауыр хәлде Ана мен бала орталығына түскен. Алты күн жансақтау бөлімінде жатып, қайтыс болған. 

- Бала БЦЖ екпесін перзентханада туылған уақытта алған, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау орталығы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. – Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан манту сынамасын салуға болмады.

Баланың жақындарының барлығы флюорографиялық тексеруден өткен, барлығы да сап-сау. Тек үйде ғана отыратын баланың туберкулез ауруын қайдан жұқтырғаны белгісіз.
Следующая →