Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Куленов кентінің су құбырларына қалай мұнай өнімдері қосылып кеткен?

Куленов кенті мен 19-шы шағын аудан тұрғындары ыстық су судан жағымсыз дәм шығып маза кетіргенін бұған дейін де айтқан болатын. Ал Экологиялық қауіпсіздік орталығы суға бензин қосылып кеткенін айтады

Кент тұрғындары 2017 жылдың желтоқсан айында дабыл қағып, құбырдан келген судың көк татитынын айтып шағымданған болатын. Ал суға сараптама жүргізген «Өскемен Жылу жүйелері» АҚ судағы жағымсыз дәмнің шығуына тұрғындардың өздері орнатқан құбырлары себеп деп меңгезеген болатын. Ал Экологиялық қауіпсіздік орталығы суға мұнай өнімдерінің қосылып кеткендігін анықтады.

- Қазір судың жағымсыз дәмі жойылды. Күн аяз кезінде «сасық» дәм мүлдем мүңкіп кеткен еді. Көпқабатты тұрғын үйдің орталық құбырына төселген тығыздағыштар өте арзан материалдан рәзіңкеден жасалған. Ал шындап келгенде, оған паронитті төсеніштерді орнату қажет еді. Аяз күндері ыстық судың температурасы жоғарылатылғандықтан, рәзіңке құрамындағы мұнай өнімдері суға араласа бастаған. Соның кесірінен татымсыз дәм пайда болған. Мұнай өнімдері суға аз мөлшерде араласқан, сондықтан денсаулыққа зиян емес, - дейді мекеменің бас маманы Юрий Кудинов.

Юрий Кудиновтің сөзіне қарағанда, төсеніштің құрамындағы мұнай өнімдері шайылып кеткен, сондықтан алдағы уақытта судан бензин дәмі шықпауы тиіс. 

Следующая →