Студент өрттен үш баланы құтқарды
Семей қаласындағы құрылыс колледжінің жатақханасында электр сымынан өрт шығып, өрт сөндірушілер келгенше тұрғындар өртті өздері сөндірмек болған
20 жастағы студент Жасұлан Берекеев те тілсіз жауды өзі сөндіріп әбігерге түсіп жатқанда үстіңгі қабаттан балалардың жылаған дауысын естіген. Құтқарушылардың келгенін күтіп жатпай, көмекке ұмтылған.
Жас қаһарманның айтуынша, оның тіпті қорқуға уақыты болмаған. Жағдай лезде әрекет етуді талап еткен. Қазір колледж әкімшілігі мен Семей қалалық ТЖБ басшылығы Жасұланды марапаттауды ойластыруда.
Следующая →
- Түтін басқан дәліздің соңынан кішкентай қызды тауып алып, аузын өз бас киімімен тұмшалап, үшінші қабатта құтқарушылардың қолына табасытаған, - деп хабарлацды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Артынша бесінші қабатқа көтеріліп, бөлмелерді аралап шыққан. Осылайша бөлмелердің бірінен тағы екі баланы алып шыққан.
Жас қаһарманның айтуынша, оның тіпті қорқуға уақыты болмаған. Жағдай лезде әрекет етуді талап еткен. Қазір колледж әкімшілігі мен Семей қалалық ТЖБ басшылығы Жасұланды марапаттауды ойластыруда.