Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Автобустарға WIFI орнатылады

Семей қаласындағы қоғамдық көліктердің жағдайы реттеле бастады. Өткен жылы желтоқсан айында 20 жаңа автобус сатып алынған еді

Алдағы уақытта жолақысы электронды түрде алынып, жаңа автобустарға тегін WIFI желілері тартыла бастамақ. 

Семейде қоғамдық көліктің жаңартылмауы әрі кестеден кешігіп қатынауы үлкен мәселеге айналғаны белгілі. Ал былтырдан бастап қордаланған мәселенің бір шеті шешіле бастағандай болды. 

Өйткені жол ақысын көтеруді әдетке айналдырған тасымалдаушылар облыс әкімі Даниал Ахметовтен талай сын естіген болатын. Жолақыны қымбаттатудан жалықпаған тасымалдаушылар жаңа автобустар сатып алуға құлық танытпай, ескі автобустармен қызмет көрсетуі аймақ басшысының ашуын туғызған еді. 

Автобус жаңартпай, ауыс-күйіс жасай алмайтындығын сезінген кәсіпкерлер де жаңа қоғамдық көліктерді сатып ала бастаған. Мәселен, ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Семейде 20 автобус қазірдің өзінде сатып алынса, алдағы уақытта тағы да 50 автобус сатып алынғалы отыр екен. 

- Биылдан бастап автобус парктерін жаңарту мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен байқаулардың талаптары түбегейлі өзгертілді. Сең сөгілгенін айта өтейік. Алдағы өтетін байқау қарсаңында тасымалдаушы кәсіпорындар автобустарын ауыстыра бастады. Мысалы, «Мусапиров» ЖК қала бойынша №5,8,22 бағытында қызмет көрсететін орта санаттағы 20 жайлы автобусы бар паркті жаңалады. Оның үстіне орта санаттағы тағы 50 автобус алуды жоспарлап отыр, - деді сұхбат барысында қала басшысы Ермак Сәлімов.

Семейге қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға «BusReport» бағдарламасының көмегі зор болды. Енді қала тұрғындары қоғамдық көліктердің қозғалысын «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Бүгінде GPS-мониторингі бар интерактивті картаны 43 мыңнан астам тұрғын қолдануда.
«BusReport» бағдарламасы тасымалдаушы жіберген олқылықтарды да анықтап бергенін айта кету керек. Яғни, мердігер компаниялар белгіленген кесте бойынша қатынамай, тұрғындарды әуреге салған. Соның салдарынан мұндай компаниялар қоғамдық қызмет көрсету құқығынан айырылды. Мәселен, былтыр  «Семавтопарк» ЖШС-на қарасты №5, 8, 10, 22, 24, 37, 43 және 45 маршруттары тұрақты қызмет көрсетпегені үшін тасымалдаушыдан тартып алынып, байқау өткенге дейін «Мусапиров» ЖК мен «Таксомоторный парк» ЖШС еншісіне өтті.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов аймақ басшысы Даниал Ахметов айтқан сынның орынды екенін атап өтті. 2015 жылы көлiк министрлiгiнің «тасымалдаушылардың әрбір 2 жыл сайын автобустарды жаңартып тұруы қажеттігі» туралы бұйрығы шыққан. Бұл талап тасымалдаушылармен 5 жыл бұрын жасалған келісімде болған жоқ. 

Жақын арада Семей қаласында электронды билет мәселесі де шешімін таппақ. Сонымен қатар, қаланың қоғамдық көліктерінде WIFI сымсыз интернет желісі де  орнатылмақ. 
Следующая →