Өрт сөндірушілер Өскемен-Алматы тас жолында тұрып қалған жүргізушіні қалаға жеткізді
Жүргізуші 112-ге бүгін таңертең хабарласқан
Аягөзден Өскеменге бармақ болған «Мерседес» көлігінің жүргізушісі Аягөзден 40 шақырым шыққан соң-ақ жолда тоқтап қалған.
- Құтқарушылар бір сағатта барды. 34 жастағы жүргізушінің көлігін Аягөз қаласында көлік жөндеу орындарының біріне жеткізіп салды, - дейді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар тұрғындарға жолда тоқтап қалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласып, көмек сұрағаны жөн дейді.