ШҚО-да 54 адамды үсік шалған
Өңірде 220-ден астам тұрғын үсік шалды деп дәрігерге қаралған
Ал аяздан үсіп дәрігерге келген 54 адамның 27-сі ауруханаға жатқызылған. Мәселен, бүгін Өскемен қаласының тұрғыны ауруханаға келіп, саусақтарының үсіп қалғанын айтқан.
- Ер адам аулада көлік жөндеп жүріп, сол қолының сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын үсітіп алған. Қазір амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, - дейді №1 Өскемен қалалық ауруханасы.