Жоғалған ер адам аман-есен табылды
Rina.kz еріктілері Семей қаласында жоғалған Максим Сигуновты іздеуді тоқтатты
Ол бір аптадан кейін үйне қайтып оралған.
33 жастағы азаматты іздеуге жұмылдырылған еріктілер тобы оның дін аман екендігін мәлімдеді. Бірақ оның осы уақытқа дейін қайда болғандығы туралы ақпарат бермеді.
- Біз Максимнің қайда болғандығы туралы ақпаратты жариялай алмаймыз. Ең бастысы ер адам аман-есен отбасына оралды, - дейді Семейдегі еріктілердің бірі Евгения Павел.
Айта кетейік, Семей қаласының тұрғыны Максим Сигунов 15 қаңтар күні із-түссіз кеткен болатын. Ол жұмыстан шыққаннан кейін үйіне қайтып оралмаған еді.
Следующая →