Өскеменде аязда үсіп қалғандар бар
Өскемен қаласында облыстың басқа аудандары мен қалаларындағыдай ауа температурасы төмен
Бүгін сынап бағанасы -34 градусты көрсетіп, мектепте бірінші және екінші ауысым сабақтары болмады.
Қатты аяздың салдарынан қоғамдық көліктер де қатып, қозғалыс графигінен шығып жатты. Азаматтардың ұялы телефондарына бір апта бойы аяз болатындығы туралы хаьарлама алдын ала түскендіктен, №1 ауруханаға үсік шалып түскен азаматтар аз болды.
Жұма күнінен бері травмотологиялық пунктіге үсік шалу диагнозымен екі азамат түскен. Олар аялдамаларда автобус күтіп тұрып үсік шалған екі ер адам. Бірінің білегі, бірінің башпайларын үсік шалған.
- Ауруханаға келген екі азаматты да ауруханаға жатқызудың қажеттілі жоқ. Олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, - деп хабарлайды №1 қалалық аурухананың мамандары.
Дәргерлердің сөзіне сүйенсек, даладағы ауа температурасы төмендеген уақыттарда көбінесе тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар ғана қатты үсіп, ауруханаға түсіп жатады. Соңғы күндері бұндай оқиғалар тіркелмеді. Бірақ кейбір қаңғыбастар үсік шалса да, дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді.
Следующая →