Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Кәсіпкер үш жыл бойы мемлекетті алдап келген

Өскемен қаласындағы кәсіпкер әйелдердің бірі мемлекеттік бюджеттен 1 млн 773 мың теңге алып, 2014 жылдан бері өз кәсіпорындарына жұмысшыларды өтірік қабылдап отырған

Бизнес-леди жұмысшылар тізімін ұсына отырып, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойына өтінім жіберген. Ол өзінің бес танысына мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға құжаттарын өткізуді ұсынған. Жұмысшыларға әлеуметтік жұмыс орындарын бермесе де, ол мемлекеттік қаржыны алған. Бірақ жалған жұмысшылары үшін зейнетақы аударымдарын жасап келген. Құныққан алаяқ бұл әрекетін ары қарай да жалғасытра берген. Ол Жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтін танысы арқылы Өскемен қаласында әлеуметтік жұмыс орындарына өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын алған. Ешкімге жұмыс орнын бермесе де, жалған жұмыскерлерінің жалақысы үшін өтемақы алып келген. Мемлекеттік мекемелердің бірінің қызметкері оған көмектесіп жүрген көрінеді. Алайда тергеушілер алаяққа кім көмектескенін анықтай алмады. Ал кәсіпкердің өзі жауапқа тартылды. Мемлекеттік бюджетке келтірген шығынды өтеген әйел өз әрекетіне өкінетіндігін айтқан. Сот шешімі бойынша ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Следующая →