Қала ішінде қасқыр жүргендігі қауесет болуы мүмкін
Бір апта бойы ЖМК ауданының тұрғындары қасқыр жүр деп дүрлігуде
Тұрғындарды қорғау үшін ветеринарлар 19-шы шағын ауданында арнайы рейд ұйымдастырды.
- Қалалық ветеринария бөлімі мамандары басшыларымен бірге төңіректі шарлап, тұрғындармен, құрылысшылармен сөйлесті, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. - Анықталғандай, онда бөрілер тобырымен жүруі де ғажап емес.
Алайда облыстық Аңшылық кеңесі тұрғындар қаңғыбас иттерден қорқып, оларды қасқырға балап жүр деген пікірде.
ШҚО Табиғи ресурстарды басқару және реттеу басқармасындағылар да қасқыр жүргенінен күмәнмен қарайды.
Следующая →