8 жастағы қыздың анасы іздестірілуде
Өскемен қаласындағы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығындағы сегіз жастағы қыздың анасы бес ай бойы баласына келмеген. Енді қыз балалар үйіне жіберілуі мүмкін
Бала кіндік шешесімен тұрып жатқандықтан Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына түскен.
Светлана Недоливконың өзі кішкентай қызды көрмегеніне бір ай болғанын айтады.
- Лераның менің қолымда тұрып жатқанына екі жыл болды. Ал анасы Наталльяны соңғы рет бір ай бұрын көргенбіз, - дейді баланың кіндік шешесі Светлана. - 13 желтоқсанда хабарласқан еді, ал қазір тұтқасын көтермейді. Ресми түрде барлық құжаттары бар.
15 желтоқсан күні Светлана Наталья Алексееваны іздейтіндігі туралы арыз жазған. Ал 20 қаңтарда Өскемен қалалық ІІБ іздеу жарияланатындығы туралы іс қозғағанымен, әлі ешқандай нәтиже жоқ.
Следующая →
Тақырыптар:
Поиск пропавших людей в ВКО Поиск людей в Усть-Каменогорске Центр адаптации для несовершеннолетних