Өскеменде трактор жүргізушісін тонап кетті
57 жастағы тракторшы досын үйіне шақырып, ішімдік ішкен
Өскеменде тағы бір ұрлық болды. Бұл жолы трактор жүргізушісі қылмыстық істің құрбанына айналды.
Ер адам жұмыстан соң, достарын үйге шақырып, ішімдік ішкен. Ал олардың бірі «байқамай» оның әмиянын қағып кеткен. Ал әмиянда 100 мың теңге ақша болған.
Жедел іздестіру тобы 55 жастағы күдіктіні ұстап алғанымен, ол қолындағы ақшаны жаратып үлгерген.
Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта «Ұрлық» ісі бойынша қылмыстық іс ашылған.
Тақырыптар:
Кража в Усть-Каменогорске Правоохранительные органы Усть-Каменогорска Судебная система в ВКО