Өскемендік бұзақылар кафелердің біріндегі әжетхананы сындырып кеткен
Облыс орталығының жеті тұрғыны жаппай төбелес ұйымдастырған
Өткен демалыс күндері қаламыздағы танымал кафенің әкімшілігі полицияға хабарласып, клиенттердің төбелес шығарғандарын айтқан.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары оларды ажыратқанша, мекеменің бірқатар мүлігінің күл талқанын шығарған.
Төбелес шығарғандар полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, тергеу барысында мас қала тұрғындары бөліске келе алмай, мәселені «еркекше» шешуді көздегендері анықталды.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын сотталмаған және жұмыссыз жүрген жеті өскемендіктің атына ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық өндіріс ашылған.
Айта кету керек, олардың арасындағы ең ересегі 32 жаста, ал ең жасы 22 жаста.