ШҚО тұрғыны құтқарушыларды құр шақырғаны үшін 70 мың теңге айыппұл төлейді
Былтыр алты "қалжыңбас" жігіт айыппұл алған
Мұндай еркелік пен тентектік бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін. Немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу жазасы беріледі.
Мамандардың айтуынша, «112» желісіне келіп түскен 530 қоңыраудың үштен бірі жөнсіз, құтқару қызметіне кірмейтін сауалдар қой мазаны алатын көрінеді. Қоңырау көп болғандықтан, желіге шынайы көмек сұрап хабарласқан жандар қолдаусыз қалуы мүмкін.
- Жөнсіз, қасақана хабарласып, жалған ақпар берген телефон бұзақыларын табу әрі оларды жауапкершілікке тарту оңай. Заманауи техникалық жабдықтар ондайларды бірден табады, - дейді ШҚО ТЖД бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының басшысы Андрей Андрейко.