Өскеменде SMS бойынша алғашқы туу туралы куәлігі берілді
Облыс орталығының тұрғыны бүгін түнде босанып, келесі күні құжатын бірден алған
Өңірде дүниеге келген нәрестелерді SMS бойынша тіркеу пилоттық жобасы сәтті өтуде.
Қала тұрғыны Валентина Коноплева аталған форматта қызының куәлігін алған бірінші ана атанды.
Жаңадан отбасын құрып, жанұялары толығып жатқан адамдар енді туу туралы куәлігін алу үшін мекемелердің табалдырығын тоздырып шапқыламайтын болды. Дүниеге бала әкелген ананың ұялы телефонына бірден SMS жолданып, баланы тіркеу туралы мемлекеттік қызмет ұсынысы туралы айтылады.
ШҚО ХҚКО баспасөз қызметі хабарлағандай,түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен қажетті деректерді электронды үкімет порталы өзі сұрап, жеткіліксіз сұрақтардың жауабын SMS алушының өзінен сұрайды.
Бір қызығы, бүкіл Қазақстан бойынша 900-ге жуық ана осылай құжаттарын рәсімдеп үлгерген.
Следующая →