Облыс дәрігерлері педофилдерге химиялық кастрация жасауға дайын
Елде педофилдерге химиялық кастрация жасап жаза беру үкімі жақында ғана енгізілген болатын
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең алдымен соттың өзі педофилге химиялық кастрация жасау туралы шешім шығаруы керек. Содан кейін ғана кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге жыныстық зорлық көрсеткен күдіктілерге мәжбүрлі түрде инъекция жасалып, дәрі-дәрмек беріледі.
Ал инъекция түзету мекемесінде немесе денсаулық сақтау ұйымдарының бірінде жасалады.
Айта кетейік, Қазақстанда 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «ҚР-ның бала құқығын қорғау жөніндегі заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңы өз күшіне енген болатын.