Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Hollywood кинотеатры жұмысын тоқтатады

11 қаңтардан бастап ULBA Орталық Мәдениет үйіндегі кинотеатр және көңіл көтеру мекемесі жұмысын тоқтатады

Бұл өзгерістер, мекеменің ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының коммуналды меншігіне өтуімен тікелей байланысты. Мекеме басшысы хабарлағандай, нысанды жалға алушылардың құрылғылары алынып тасталады. Енді мекемеде тек профильдік бөлімдер орналасады. - Достық үйінің Металлургтер мәдениет үйіне көшірілгені мәлім. Ал ол жерде орналасқан «Ертіс концерт» енді Орталық мәдениет үйін көшіріледі, - дейді ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басысы Азамат Мұхамедчинов. - Мекемедегі балаларға арналған, ойын және басқа да көңіл көтеру алаңдары алынып тасталады. Себебі, ол құрылғылар біздің құзырымызға берілген жоқ. Басқарма басшысының айтуынша, енді ULBA ОМҮ «Ертіс Концерттің» симфониялық, қазақ, фольклор оркестрлеріне тұрақты мекеме болады. Бұж жерде әртістер дайындалып, түрлі концерттер өткізеді. Айта кету керек, Өскеменге тұрақты түрде келіп тұратын атақты әртістерге ОМҮ есігі ашық болады. Танымал әртістер, шара өткізу үшін мекеме қызметкерлерімінің келісімін алады. Көшу жұмыстары қазір қарқынды жүруде. Енді әртістер мен олардың шығармашылық жұмысын жақтаушылардың ыңғайына орай залдар өзгеріске ұшырайды.
Следующая →