Бір қорап темекі үшін досын соққыға жықты
Досына темекі сатып беруден бас тартқан облыс орталығының тұрғыны көптеген дене жарақаттарын алған
Жүк тасушы қызметінде жүрген қала тұрғыны уәдесінде тұрмағаны үшін таяқ жеді.
Ер адам досына темекі сатып беруге уәде беріп, уақыты келгенде өз ойынан бас тартқан. Темекіге басыбайлы азамат ашуға булығып, ақыры жұдырыққа көшкен. Зардап шегуші полицияға хабарласып, тәртіп сақшылары 32 жастағы қаскүнемді ізін суытпай ұстаған. Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК 293 бабы «Бұзықтық» бойынша қылмыстық өндіріс жүргізілді.
Следующая →