ШҚО-да Жана жыл қарсаңында ноутбук алады деген балалар бағалы сыйлықтарын әлі күтуде
Былтыр жаңажылдық шара барысында 450 балаға тәтті таралғылар мен заманауи гаджеттерді алуға сертификат берілген
Дәстүрлі мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалары отбасыдан шыққандар, жетімдер мен ШҚО қала және аудандарындағы дарынды балалар қатысқан болатын.
Мектеп оқушыларына тәтті таралғымен бірге заманауи ноутбуктерге сертификат берілген. Қаңтардың бірінші онкүндігі аяқталса да, балалар мереке қарсаңында дәметкен сыйлықтарына қол жеткізбеген.
- Шынын айтсақ, бізге тәтті таралғы мен Астана туралы кітап қана сыйлыққа берілген, - дейді балалардың бірінің анасы. - Ноутбукті тексеруге алып кеткен болатын. Сол күйі ешкімнен еш хабар жоқ...
ШҚО Білім басқармасы бұл ақпаратты растап отыр.
- Ноутбуктерді алып келіп, бұзылғандары болмасын деген оймен тексеру жүргізілуде, - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Сайрангүл Жұмаділова. - Бұл туралы алдын ала ескерттік. Сертификаттары бар және олар ноутбукті міндетті түрде алады.
Мекеме өкілдері хабарлағандай, көптен күткен сыйлықты балалар қаңтар айының ортасында алады.
Следующая →