Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Салықты кім төлемей, ал кім артық төлеттіріп отыр?

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскеменде жолаушы тасымалымен айналысатын 6 мердігер қазынаға тағы да қаржы қосып төлеуі қажет деп отыр

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскеменде жолаушы тасымалымен айналысатын 6 мердігер қазынаға тағы да қаржы қосып төлеуі қажет деп отыр.

Ал тасымалдаушы компаниялар мұндай қаржыны төлеуге қауқарсыз екендігін айтуда.

«Даудың басы - Дайрабайдың сиыры» демекші, мәселенің барлығы былтыр жол ақысының қымбаттауынан басталған. 2013 жылы тасымалдаушылар мен Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келісімге келіп, мердігерлерге қала маршруттарын пайдаланып, бес жыл жолаушы тасуға рұқсат берілген. Алайда дау былтыр басталды.

- Тасымалдаушылар келісімшартты толықтай орындаған. Мемлекеттік органдар тарапынан да ешқандай ескерту не шағым келіп түспеген. Алайда кірістер департаменті былтырдан бастап төлемеген салық пен айыппұлды өтеу туралы талап қоя бастаған, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Ал Мемлекеттік кірістер департаменті тасымалдаушылардан қосымша құн салығы мен ұжымдық табыс салығын өтеуді талап етіп отыр. Алайда жол жүру ақысына мұндай салық түрлері қосылмаған. Егер салықтың мұндай түрі жол ақысына қосылып есептелетін болса, онда оның құны 170 теңгеден асып кететін көрінеді. Қазір жол ақысы - 90 теңге. Әу баста жол ақысын белгілеген кезде жергілікті атқарушы орган мен тасымалдаушылар арасында серіктестік жөнінде келісім жасалып, қала әкімшілігі жолақыға қосымша құн салығын қоспау туралы өтініш жасаған. Мердігерлер бұл өтінішті қабыл алып, бағаны ұстап тұруға келіскен.

- Тасымалдаушылардың сөзіне қарағанда, әкімдік пен компания арасында ҚР Азаматтық кодексінің 228-бабына орай серіктестік жасалған. Мұндай серіктестік қатынастың орнағанына 15 жылдай уақыт болған әрі кейбір күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Соның ішінде тарифті ұстап тұру да аталған серіктестік негізінде шешілген, - дейді Кәсіпкерлер палатасының мамандары.

Алайда кірістер департаменті мұны ескермей отырған көрінеді. Бағаға қосымша құн салығы мен ұжымдық табыс салығының қосылмағанына мән бермей, түскен табыстан алынатын салықтың үстіне ҚҚС пен ҰТС-ты да қосып төлетуге шешім шығарып жіберген. Сондықтан тасымалдаушылар тағы да 4,5 млрд теңге салық төлеуі тиіс болып қалған.

Кәсіпкерлер палатасы тасымалдаушы компаниялардың наразылығын ШҚО Прокуратурасына жеткізген. Құзіретті орган шағымды қабыл алып, кірістер департаментіне арызды ескеруді жүктеген. Ал ҚР-ның бас прокуроры Андрей Кравченко Мемлекеттік кірістер комитетіне тасымалдаушылардың бұл арызын орындауды тапсырған. Алайда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұның барлығын орындамай отыр.

- Ал арызды сотқа жіберіп, оны орындату - тасымалдаушылар үшін қымбат қызмет. Мәселен, «Рост» ЖШС-на жүктелген 2,4 млрд теңгенің ісін сотта қарату үшін кәсіпорын 24 млн теңге мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Ал мердігерде артық қаржы жоқ, - дейді ШҚО Шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшыларының кәсіподақ төрағасы Галина Казанцева.

Егер тасымалдаушылар кірістер департаментінің талабын орындар болса, онда «Рост», «Вебас», «Voska» сынды ірі компаниялар банкротқа ұшырап, қала маршруттары тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені олар қарапайым ғана жанармайдың өзін сатып ала алмайтын деңгейге түседі. Кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ, әкімдік, облыстық прокуратура тасымал жасаушы компанияларды жақтап, жолақыға ҚҚС қоспай, халықтың жағдайын басты орынға қойып отырғандықтарын айтады. Ал ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековтің пікірі тасымалдаушы компаниялар «халықтың игілігін» желеу етіп, салық төлеуден жалтарып отыр дегенге саяды.

Ал мәселені шешу үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы іске көше бастады. Палата директоры Игорь Шацкий 26 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановқа хат жолдап, бұл мәселені шешуге атсалысуын өтінген. ШҚО Прокуратурасымен біріге отырып, қалада жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларды ҚҚС-тан босату туралы мәселені республикалық деңгейде көтеріп, үкіметке оны Салық кодексінен де алып тастау туралы ұсыныс жолдауды ойлап отыр. 

Следующая →