ШҚО тұрғыны жер үйде тірідей өртеніп кете жаздады
Зырян ауданындағы Красный көшесіндегі жер үйдің мойыншасы өртеніп, тұрғындар өлім аузынан қалды
Үй иелері шыққан өртті басында өздері өшіріп, үйге кіріп ұйықтап қалған. Алайда өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт қайта қаулаған. Үйден шыға алмасын сезген соң, тұрғындар құтқару қызметіне хабарласқан.
Ал өрт сөндірушілер келгенше үйдің қабырғасы мен төбесі өртке оранып, үйдің жартысы жанып кеткен. Өрт өшірілді. Себептері анықталуда.