Тәртіп сақшыларына тіл тигізді
Ішімдікке мас әйел полиция бөліміне келіп, бұрынғы күйеуінің ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан
Бірақ ол әйел шағымын орыс тіліндегі былапыт сөздерімен жеткізген. Ал тәртіп сақшыларына азаматшаның бұл әдебі ұнамай қалған.
Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматша өз тәртібіне өкініш білдіргенімен, айыппұлдан қаша алмады. Яғни, ол 25 АЕК көлемінде 56 725 теңге төлеуге мәжбүр болған.
Следующая →
Тақырыптар:
Правоохранительные органы Усть-Каменогорска