Өскеменде Рождество мерекесі аталып өтілді
Әулие Андреев кафедралды собор алдында шығармашылық кеш өтті
Бүгін елдің православ христиан өкілдері маңызды діни мерекесін атап өтті. Кафедралды собор алдына жиналған халық Өскемен мен Семей қалаларының уағыз айтушы еписопы Амфилохий мен ШҚО-ның бас имамы Ермек қажы Мұқатай, Католик шіркеуінің әулиесі Франческо мерекемен құттықтап, насихат айтты.
Рождество – Қазақстандағы халықтардың кең атап өтетін діни дәстүріне айналған мереке.
Мерекелік кеште ән айтылып, би биленді. Әрі жәрмеңке ұйымдастырылды.