Аяздың салдарынан автобустар жүрмей жатыр
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты қоғамдық көліктер қатып, желіден шығып жатыр. Осының салдарынан тұрғындар діттеген орындарға жете алмай жолда қалып жатыр
Облыс орталығында бірнеше күн қатарынан аяз қысып тұр. Сол себепті қоғамдық көліктер дұрыс қатынамауда. Бүгін қала автобустарының жартысы маршрутқа шықпай қалған.
- Желіден шығып жатқан автобустар көп, - дейді Өскемен қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы орталығының директоры Владимир Панков. – Автобус есіктері ауаның көмегімен ашылады, ылғал конденсацияланады да барлығы қатып қалады. Жылыту жүйелері де қатып жатыр.
Следующая →