ШҚО-да жүргізуші көлік ішінде тірідей өртеніп кетті
Мереке күндері облыста 45 өрт оқиғасы болып, бес адам қаза тапқан
Үш адам өрттен құтқарылса, бір жасөспірім ауруханаға жеткізілген.
1 қаңтар күні Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылында ас үй өртеніп, 14 жастағы жасөспірім құтқарылған. Оның аяқ-қолы күйіп қалған.
Ал Шемонаиха ауданындағы жер үйдің ванна тұрған бөлмесінде өрт шығып, түтін үйдің ішіне дер кезінде тарап үлгерген. Иіс газынан тұншығып, 62 жастағы ер адам көз жұмған.
Семейдің «Бобровка» саяжайларының бірінде қоныс тепкен 56 жастағы тұрғын қолына темекі ұстап, төсекке жатып ұйықтап қалған. Төсекжайы өртке оранып, ол да күйіп қайтыс болған.
Ал Бесқарағай ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Мұнда ВАЗ-2115 көлігінің ішінде өрт шығып, 24 жастағы жүргізушіні тірідей «жалмаған». Құтқарушылар өртеніп жатқан көлікке екі минуттың ішінде келіп жетсе де, жүргізушіні құтқарып қалу мүмкін болмады.