Өскемен тұрғынының бетіне отшашу келіп тиген
Куәгерлердің айтуынша, Бабкина Мельница ауданында тұратын тұрғын фейерверг тұтатпақ болып, өз мертіге жаздаған
Жас жігіт отшашуды жерге нұсқаулыққа сәйкес орналастырған. Алайда фейерверг жоғары емес, шет жағынан атылады екен. Ал тұтанып атылған отшашу жігіттің бетіне келіп тиген. Оның маңдайы мен қасы күйіп қалған. Алайда ол дәрігерге қаралмай-ақ, Жаңа жылды ары қарай тойлай беруге ниет қылса керек: ауруханаға барудан бас тартқан.