Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жаңа салынған пәтерлердің төбесі құлағалы тұр

Өскемен қаласының 19-шы шағын ауданындағы салынған үйдің төбесінен су тамып, жаңа қоныстан тұрғындардың мазасы қашуда

Оқиға Есенберлин көшесінің 4/2-үйінде орын алған. Ал тұрғындардың айтуынша, жаңадан салынған үйге күзде ғана қоныс тепкен.

- Екі пәтердің төбесі құлап кетті. Жылу да, ыстық су да жоқ. Төбеден су ағып тұр. Ал пәтерлердің бірінде сәбиі бар жанұя тұрады, - дейді пәтер тұрғыны.

Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің мамандары жағдайдан хабардар болып шықты. Шенеуніктер жағдайды реттеуге кірісіп кеткен. Төбесін құлаған пәтерге жөндеу жасап, коммуналды қызмет түрлерін тартатын болды.

- Құбыр жарылып кеткен, Тұрғын үй пәтер иелері кооперативі сорғышты дұрыс орнатпаған. Су мен жылу тартылды. Екі пәтерді да Жаңа жылға дейін жөндеп береміз, - дейді бөлім басшысы Асхат Өтебаев.

Мекеме мәселені өз қолына алғанын әрі бұған кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты.





Следующая →