Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +11°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +13°
$
493.85
+0.49
571.78
-1.06
¥
71.53
-0.06
6.25
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жоғалып кеткен ресейлік азамат табылды

Оны Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тауып алған

Шемонаихадан Өскеменге қарай жол тартқан 57 жастағы ресейлік азамат тұманды ауа-райында жолды таба алмай адасып кеткен. Әрі жергілікті жолдың жағдайын да білмеген көрінеді.

Ал құтқаруға шыққан қызметкерлер КАМАЗ көлігіне отырып, Веселовка ауылына қарай тартқан.

- Негізгі тас жолдан орманға қарай баратын жайдақ жолға бұрылып, маңайды шолып іздей бастадық. Тас жолдан он шақырым жерде минивэн көліктің қаңтарылып тұрғанын байқадық. Ал ішінде іздеп жүрген адамның өзі отырған. Көлікте тағам болған. Алайда жүргізуші оны үш күн бойы не жылыта алмай, не жей алмай әуреге түскен. Бізді көргенде-ақ, ең алдымен, ол бізден ыстық шай сұрады, - дейді құтқарушы Евгений Жигулин.

Құтқарушылар көлікті оталдыруға көмектесіп, оны негізгі тас жолға, туыстарына қарай шығарып салды.

ШҚО ТЖД жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа-райы бақылап алуға кеңес береді.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Спасатели ВКО ДЧС ВКО