Облыста 8 наурызға қарсы жаңа аурухана ашылмақ
2013 жылдан бері құрылысы бітпей келе жатқан Өскемен қаласы ЖМК ауданындағы аурухананың ғимараты үш айдың ішінде толық салынып бітпек
Мұны облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр. Құрылысты салуға "СтройЭлитРиэлти" мердігер компаниясы 2017 жылдың маусым айында бастаған. Қазіргі уақытта ғимараттың құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған.
- Ауруханада балан бөлек, ересек тұрғындарды бөлек қарайтын қабылдау бөлмелері бар. Жедел жәрдем көлігі кеп тоқтайтын орын салынған. Шұғыл көмек қажет жандарды бірден поликлиникаға әкеледі, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.
Медициналық мекемеге 212 адам сыяды. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов ауруханаға заманауи медициналық жабдықтарды әкеп орналастыруға тапсырма берді. Жаңа аурухана Куленов кентінің тұрғындарына пайдалануға берілмек.