ШҚО полицейлері 500 литр қан тапсырды
Тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толуына орай, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, қан тапсырды
Полиция қызметкерлері жыл бойы қан тапсырған. Нәтижесінде барлығы 500 литр қан тапсырған.
Айта кету керек, Қазақстанда бұрын-соңды бірде-бір ұйым мұндай көлемді қан қорын жинаған емес.
- Біздің жұмысымыз төтенше жағдайлармен, оқыс оқиғалармен көп байланысты. Қызмет барысында, өкінішке орай, қайғы-қасіретке ұшыраған жандарды жиі кездестіреміз. Қызметкерлеріміз бұған дейін де қан тапсыратын. Алайда жүйелі, ұйымдасқан түрде бірінші рет өткізіп отырмыз, - дейді ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының басшы орынбасары Марат Баяндинов.
Науқанға барлығы 2153 полицей қатысқан. Ал олардың әрбірі үш реттен келіп, қан тапсырған.