«Қазақстан» тауындағы ту жыртылып қалды
Өскемен қаласында түнімен қатты жел болып, «Қазақстан» тауы маңындағы желдің жылдамдығы 18 м/с жеткен
Қатты тұғырға ілініп тұрған туды жұлып әкеткен. Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі «Өскемен Тәртіп» ЖШС қызметкерлері туды тауып алғандығын хабарлады. Жел басылған соң, ту ілінетін болады.
Ту бірінші рет ұшып тұрған жоқ. Қараша айының ортасында да қатты желдің кесірінен ту жыртылып қалған еді. Ал жазда «Өскемен Тәртіп» кәсіпорны мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізгенімен, әлі де күрделі жөндеу жасау керек деп отыр.
- Бағаналарға күрделі жөндеу қажет. Келесі жылы қалалық ТҮКШ бөлімінен жөндеуге қаржы сұрауды ойлап отырмыз, - дейді кәсіпорынның басшысы Тамара Рахимжанова.