Май зауытындағы апаттан зардап шеккен өскемендікке жуық арада қан керек
Денесінің 70 пайызы күйіп қалған Алексей Столяров №1 Қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр
- Зардап шегушілер 16.22 шамасында ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі бетінен, мойнынан және сол аяғының бір саусағынан термиялық күйік алған, - деп хабарлайды №1Қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде. - Екінші адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Қазір кез келген топтағы қан қажет.
Алексей Столяровқа көмектесіп, қан тапсыру үшін облыстық Қан орталығына баруға болады. Мекен жайы Көкжал Барақ көшесі, 11а.
Следующая →