Өскеменде ЖКО салдарынан адам қаза тапты
Полицияның айтуынша, соғылған шетелдік көлікте 26 жастағы жүргізуші мен 39 жастағы жолаушы болған. Олар ауруханаға жеткізілген
Оқиға өткен сенбі күні Пограничный көшесінде орын алған.
Mazda 626 жүргізушісі Бажов көшесімен қозғалып келе жатып, басқарудан айрылып, Пограничный көшесі 36 үй маңындағы электр бағанына соғылған.
- 1991 жылғы жүргізуші мен 1978 жылғы жолаушы ауыр жарақаттар алған, - деп хабарлайды ШӨО ІІД Баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Жолаушы ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық өндіріс ашылды.
Тәртіп сақшылары апаттың қыр-сырын анықтау үшін бірқатар сараптамалар бекітті.
Следующая →
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске