Бұзақылар Зырян қаласындағы мәдениет сарайының есігін сындырып кеткен
Полиция бөлімшесіне таңғы сағат бестерде Зырян қаласының тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің бұзақылық жасап жүргенін хабарлаған
Катонқарағай ауданының 20 жастағы тұрғыны мен 17 жастағы досы түнде қала ішінде қыдырып жүріп, Мәдениет сарайының есігіне келіп «тиіскен». Бұзақылар ұсталып, есіктің терезесін неліктен шаққаны анықталып жатыр.
Оның үстіне, кәмелеттік жасқа толмаған оқушының түнде үлкендерсіз қаңғырып жүруі де заңға қайшы. Сондықтан бұл үшін ата-анасы да жауапқа тартылмақ.
Қылмыстық іс қозғалуда. Ал Мәдениет сарайы есікті жөндеу үшін 16 962 теңге өтемақы талап етіп отыр.