ШҚО-да есірткіні табуға ит көмектескен
«Димон» есімді «қызметте жүрген» жануар марихуана сатқан Шемонаиха тұрғынын ұстауға көмектесті
ШҚО жол-патрульдік полиция қызметі 67 жастағы қария айдап бара жатқан көлікті тоқтатып тексерген. Көлік салонын тінти бастаған ит жолаушы орындығында отырған 32 жастағы жігітке қарап үріп, күдік келтірген. Полицейлері оның қалтасын ақтара келе салмағы үш грамм болатын марихуананы тауып алған.
Күдікті өз кінәсін мойындаған. Есірткі сақтағаны үшін ол айыппұл төлемек не қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО