Өскеменде Тұрғын үй пәтер иелеріне қарыз адамдарға айыппұл салынады
Облыс шенеуніктері мен "Поколение" қоғамдық бірлестігінің мамандары бірігіп, ҚР Мәжілісіне тұрғын үй инспекторларының құзіретін күшейту туралы ұсыныс жолдады
Мұнда инспекторларға Тұрғын үй пәтер иелері кооперативінің қаржылық жағдайын тексеруге, оған қарыз тұрғындарға айыппұл салуға құзірет беру туралы айтылған.
Қоғамдық бірлестік өкілдері тұрғын үй инспекторларына тексеруге құқық берілмегендігін, ал тұрғын үй пәтер иелері кооперативінің дұрыс жұмыс жасамайтындығын айтады.
- Бізге Тұрғын үй пәтер иелері кооперативін толыққанды тексеруге заң жағынан құқық пен құзірет берілмеген. Ескертпе жазып бергенімізбен, оны талап ете алмаймыз, - дейді Өскемен қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Фархат Жилибаев.
Егер Мәжіліске жолданған ұсыныс қабылданса, кооператив төрағасын сайлау мен оның жұмысын қадағалау қоғам мен халықтың қолында болмақ. Сонымен қатар, инсекторлар кооперативке қарыз тұрғындарды да әкімшілікке жауапқа тарта бастамақ.