ШҚО-да шырша кесушілер ұсталды
Тәртіп сақшылары шырша кескен үш күдіктіні ұстап алды
Оның бірі Бородулиха ауданында ұсталса, енді бірі Бесқарағай ауданынан ұсталған. Бородулиха ауданында ұсталған 18 жастағы жігіт шырша кесуге түнде шығып, бір жарым метр қарағайды кесіп, үйіне қарай тасымақ болған. Қарағайды үйге дейін сүйреп апарған. Ал полицейлер болса, қаскүнемнің мекенжайын сүйреп апарған із арқылы тауып алған.
Ал Бесқарағай ауданында ұсталған екі ағаш кесуші қарағайларды кесіп, көліктің тіркеуішіне тиеп алған. Кескен ағаштарының саны оннан асады.
ШҚО ІІД хабарлағандай, заңсыз ағаш кесушілерге қатысты тергеу амалдары басталған.
Айта кету керек, Ішкі істер департаменті «Шырша-2017» атты жедел іздестіру тобын құрып, заңсыз шырша кесушілердің ізін аңдымақ. Рейд 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.