Өскемен тұрғындарының үйлері суық
Крылов, Добролюбов және Питер Коммунарлары көшелерінің бойындағы үйлер жылусыз отырды
Коммуналды қызмет өкілдері жақын уақытта жылудың толыққанды берілетіндігін айтып отыр.
- Қазір біз қаладағы жылу құбырларына 100 градуста қайнаған суды жібереміз. Судың температурасы даладағы аяздың суықтығына байланысты беріледі. Егер жылу батареясы қызбауына әртүрлі себеп әсер етуі мүмкін. Алдын ала деректерге сүйенсек, бұған Өскемен жылу электр станциясындағы ауыстыру шаралары әсер еткен болуы керек, - дейді «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясын беру бөлімінің директоры Дулат Шарапиев.
Дулат Шарапиев батереяның суық болуына тұрғын үй пәтер иелері кооперативінің жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеуі де себеп болуы мүмкін дегенді айтады.
Ал далада -39 градус аяз болса, су 115 градуста қайнатылып жіберіледі.
20 желтоқсан күні Өскемен жылу станциясында қазандық құбырлары тазаланғандықтан, жылу уақытша өшірілген болатын.