Өскеменде жолаушы таксист адамды соққыға жыққан
Таксист тұрғынды айтқан мекенжайына жеткізіп салған соң, жолақыны сұраған. Ал тұрғын болса, оған қол жұмсап, қашып кеткен
39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны полиция қызметкерлеріне келіп шағымданып, белгісіз біреудің оны соққыға жығып, көрсеткен қызметінің ақысын төлемей қойғанын айтқан.
Ал тәртіп сақшылары істің ізі суымай тұрып, 29 жастағы бұзақыны ұстап алған. Ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған.
Өскемен қаласы ІІБ-ның берген мәлімет бойынша қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Бұзақылық жасау» қылмысы бойынша іс қозғалуда.
Тақырыптар:
Правоохранительные органы Усть-Каменогорска