Семейде ер адам ХҚКО мекемесінен шығып, жоғалып кетті
54 жастағы Марат Жаппаровтың туысқандары оның жоғалуына еш себеп болмағанын айтады
Марат Жаппаров Семей қаласында 13 желтоқсан күні жоғалған.
- Сол күні әкеммен мекенжайлық анықтама алу үшін орталық ХҚКО мекемесіне бардық, - дейді Мараттың ұлы Айбек Жаппаров. - Ол жерден шыға салысымен әкем үйге қарай кетті. Ол Жаңа құрылыс ауданында, Сол жағалауда тұрады. Бұдан кейін әкем байланысқа шықпады. Жоғалатындай еш себеп жоқ еді. Тек сол кні өзімен бірге 14 мың теңгесі болғанын білемін. Полицияға арыз жаздық. Қала тұрғындарынан көмек сұраймыз.
ШҚО ІІД Баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарын бастап кеткен. "Rina.KZ Семей" еріктілері ер адам туралы ақпараттарды жариялауға кірісті.
Марат Жаппаров жоғалар күні қара қалпақ, сұр күтке, көк джинсы және қара бәтеңкемен болған.
Марат Жаппаров туралы ақпарат білетіндерді 8-747-062-22-50 (ұлы Айбек), 8-747-349-57-17 ("Rina.KZ Семей" еріктісі Евгения Павел) немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.
Следующая →