Өскеменде көлік ұрысы ұсталды
Көшені патрульдеп жүрген полицейлерді көре салысымен ұры тонағалы жатқан көлігін тастап, аула аралап қашқан
Полиция патрулі Дзержинский көшесі бойында ВАЗ-21099 көлігінің жанында ары-бері қозғалып, тынышсыз тұрған ер адамды байқайды. Ал полицейлерді көрген тұрғын алды артына қарамай тұра қашқан. Тәртіп сақшысы оны көлікпен қуған.
Кейін белгілі болғандай, тұрған «тоғызыншы» маркалы көліктің есігін жасанды кілтпен ашпақ болған.
Қазіргі уақытта тергеу алды амалдары басталды.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Угон авто в Усть-Каменогорске ППС Усть-Каменогорска 



