Өскемен әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша Ұлттық бюро Расул Манаповтың коррупциялық қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде
Бейресми деректер бойынша, 32 жастағы шенеунік мемлекеттік жерді жеке меншікке аударып, жақсылап марапатталған деген күдік бар.
- Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте пара алу фактісі бойынша қызметтік тұлғаларға қатысты тергеу жүргізілуде. Оның аясында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Манапов Р.К-ның қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросы департаментінің басшысы Сергей Потанин. - Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Естеріңізге саламыз, Расул Манапов 13 қазан күні Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, екі күн өте салысымен «ерекшеленді». Шенеунікке қатаң сөгіс жарияланып, екі айға автокөлігінен айырған. Сол сияқты жұмыс көлігін мақсатты пайдаланбағаны үшін қоғамдық жұмысқа салынды.
Следующая →