Өскемен
ясно
+28°
  • Өскемен
    +28°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
465.28
+0.56
499.2
+2.88
¥
64.1
+0.10
5.33
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жер үй салу қолға алынбақ

Жарық пен су тартылған шағын аудандарға жеке тұрғын үй құрылысын салуды облыс әкімдігі қолға алмақ

Ол үшін Құрылыс басқармасының басшылары шағын аудандарға талдама жүргізіп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржы құйған азаматтармен кездесіп, тұрғын үйді салу бойынша сұхбат өткізбек. 

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы 20-шы шағын аудан мен Зырян қаласындағы жылу мен жарық, су тартылған мөлтекауданның, Семейдегі Ақсай ықшам ауданының үйсіз бос тұрғанына риза болмады. Ал ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фархад Шорабай биыл ауданы 269 мың шаршы метрге тең құрылыс пайдалануға берілсе, оның ішінде тек 111 мыңы ғана жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынғанын айтты. Ал желтоқсан айында небары 5 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынып бітпек. Әкімнің ойынша, бұл аз. 

Қазынадан қаражат алып емес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде сақталған қаржы арқылы үй салуды қолдайтын облыс әкімі енді салымшыларға жеке үй салып беруді қолға алуды міндеттеп отыр. 

- Үкімет бюджет қаржысын пайдаланып, үй салудан біртіндеп бас тартуда. Ал облыста заңды тұлғалардың депозитке құйған 460 млрд теңге қаржысы бар, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Әкімнің ойынша, салымшыларға үй салып беруді ірі қалалардан бастау керек. Ол үшін, біріншіден, шағын ауданға су, жылу, жарық тартылған ба, соны тексеру қажет. Мәселен, Өскемен қаласындағы 20-шы шағын ауданға жақында ғана жарық берілгені белгілі. Екіншіден, бұл салымшылардың жер телімі бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Үшіншіден, жер телімі бар салымшылармен кездесіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы жер үй салудың артықшылықтарын түсіндіру қажет. Азамат аталған бағдарлама арқылы үй салуға мүдделі болса, онда құжаттамасын әзірлеп, үй салуды бастау керек. 

- Ал маған жеке тұрғын үй салуға келісім берген азаматтардың аты-жөнін жазып әкеліңдер. Олардың қай шағын ауданға тиесілі екендігін де белгілеңдер, - деп әкім құрылыс басқармасына тапсырма берді. 
Следующая →