Қазақстандықтардың зейнетақысына мемлекет кепіл
Қазақстан – азаматтардың зейнетақы қорына аударылған қаржысына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел
Сондықтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша аударушы азамат «зейнетақым қайда?» деген сауалға алаңдамаса болады.
Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ШҚО-дағы филиалы өткізген Ашық есік күнінде айтылды.
- Қазақстанның зейнетақы жинақтау жүйесі әлемде бірегей, баламасы жоқ тетік десек болады. Өйткені еліміз азаматтарының зейнетақыға аударған қаржысына бір өзі кепілдік беріп, оның мінсіз сақталып, кейін оның қолға берілуін қамтамасыз етеді. Қорға жиналған қаржы депозитке аударылып, тұрғындардың қаражаты жыл сайын еселеніп отырады. Ал депозитке қор қаржысын құю арқылы инфляцияны жабуға болады, - дейді филиал директоры Дариға Дайырова.
Мәселен, биыл 58 жастағы азаматша зейнетке шықса, ал оның осы күнге дейін жиналған қаржысы 1, 066 млн теңге болса да, инфляция құны есептеліп, оның қаржысы 1,76 млн теңге болып берілмек. Ал мұны 33 жылға бөлсек, азаматшаның ай сайын алатын зейнетақысы 51 079 теңге болып шыға келеді.
Зейнетақыға аударылған қаржы, алдымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына құйылып, кейін БЖЗҚ-ға аударылады. Бұдан кейін ҚР Ұлттық банкінде сақталып, депозит, акция, құнды қағаз түрінде беріліп, қосымша қаржы күйінде қайта кері қайтарылады.
Следующая →

Тақырыптар: