Дәріханалар жеңілдікпен дәрі сатуды тоқтатады
Келесі жылы Шығыс Қазақстандағы дәріханалар жеңілдікпен дәрі-дәрмек беруді тоқтатады
Енді диспансерлік науқастар қажетті дәрі-дәрмектерді қала кезіп іздемейтін болды. Яғни, аталған дәрі-дәрмектер енді ауруханаларда сатылады.
- Қазір облыстағы әр емханаға дәріханалық қызмет жүргізу лицензиясын алып беруді жоспарлаудамыз, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов. - Бұл барлық үрдісті жеңілдетеді. Атап айтқанда, адамдар жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерге тура медициналық мекеме ішінде қол жеткізетін болады. Қазір адамдардың көбі уақыты мен қаражатын сарп етіп, дәрі-дәрмек іздеп, қала ауруханаларын торуылдап жүр. Сондықтан бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз.
Мұнымен қоса, басқарма басшылары өзге де қызмет түрлеріне есеп жүргізіп көрген. Мысалы, жеке меншік компаниялардың дәрілерді тасымалдап, сақтауы үшін жылына 750 миллион теңге жұмсалатын көрінеді. Қазір басшылық бұл қызметтен бас тартуды шешкен. Басқарма мамандары үнемделген қаражатқа қажетті дәрілерді сатып алудың ұтымды екенін айтады.
Ағымдағы аптада белгілі болғандай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы енді тегін дәрілердің тасымалы мен тендерлер өткізуге жауапты болмайды. Сол сияқты, 2018 жылы тегін дәрілерге 14 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау көзделуде. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 миллиард теңгеге артық.
Следующая →

Тақырыптар: