Өскемен әуежайында ұшып келу терминалы ашылды
Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл идеяның әуежайдағы жүкті алу бойынша туындаған қолайсыздықты өзі сезінгеннен кейін келгендігін айтады
Жаңа ғимарат қысқа уақыт ішінде тұрғызылды. Ал келер жылдың шілде айында Семей қаласында жаңартылған әуежай ашылады деп күтілуде.
"Промтехмонтаж" ЖШС мердігер ұйымының басшылығы айтқтандай, ұшып келу терминалы жүк қабылдау жүйесі, заманауи бейнекамералармен жабдықталған. Ана мен бала бөлмесі, арнайы саниталық торап пен қажетті жиһаз да қарастырылған.
Нысан құрылысына 550 млн теңгеден артық қаржы жұмсалған.
Следующая →