Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Білім беру басқармасының қызметкері «қарақшы» болып киінген суреті үшін сөз естіді

Бұл бас маманға әлеуметтік желідегі мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне кері әсер ететін суреттердің көзін жоюға міндеттелген

ШҚО Әдеп жөніндегі кеңес отырысында әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг нәтижесінде ескерту жасалған мемлекеттік қызметкерлердің ескертпелерін орындағаны не орындалмағаны жайлы баяндама жасалды.

Нәтижесінде кейбір қызметкерлердің ескертпені мүлдем орындамағаны белгілі болды. Мәселен, ШҚО Кәсіпкерлік басқармасы, Білім беру басқармасы қызметкерлері әлеуметтік желіде жариялаған бейәдеп суреттерін жоймаған көрінеді.

Ал Білім беру басқармасының бас маманы Дмитрий Ошиток «Беретта» пистолетін қолына алып түскен суретін әлеуметтік желіден алып тастауды ұмытып кеткендігін айтты.

- «Одноклассник» әлеуметтік желісін қолданбағаныма бір жылдан артық уақыт болды, кілтсөзін ұмытып қалдым. Ал «Мой мир» желісіндегі суретті алып тастауды ұмытып кетіппін, оған соңғы үш жыл бойы мүлдем сурет жүктемеген едім, - дейді бас маман.

Алайда Әдеп жөніндегі кеңес маманың бұл сөзін мүлдем «ақылсыздық» деп атады әрі мемлекеттік қызметкерлердің ескертпелерді орындамай отырғанын ескеріп, мониторингті ай сайын жүргізіп отыруға келісті. 

Следующая →