ШҚО полицейлері рейд жүргізеді
Облыстағы полицейлер 12-14 желтоқсан күндері аула мен көшелерде рейд жүргізіп, бұзықтар мен ұқыпсыз жүргізушілерді ұстамақ
Полицейлер 12 желтоқсан күні аулаларды тексеріп, 49 қылмыс пен 1714 әкімшілік заңбұзушылықты анықтаған. Іздеуде жүрген бес күдікті ұсталып, төрт заңсыз қару табылған.
Мәселен, Өскемен қаласының орталық база аймағында таңғы сағат төртте қарауылда тұрған полицейлер бұрын сотты болған, қолына балта алып, 30 метрлік кабельді ұрлап бара жатқан қылмыскерді ұстап алған.
- Тексере келе, күдіктінің бұл кабельдері Қазақстан көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен, лифт шахтасынан суырып алғаны белгілі болды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Көлік жылдамдығын асырған 40 жүргізуші, қарама-қарсы жолға шығып кеткен бес жүргізуші мен рөлде отырып, телефонмен сөйлескен 129 жүргізуші, ішімдік ішіп көлік жүргізген 30 жүргізушіні ұсталған.