Семейде жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші ұсталды
Кроссовер жүргізушісі Восточный кентінде жолдан өтіп бара жатқан 34 жастағы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Ал жаяу жүргінші алған жарақаттан тіл тартпай кетті.
- Жаяу жүргіншіні қаққан Toyota Hilux көлігінің иесі, 24 жастағы жігіт болып шықты. Күдіктіге екі бірдей айып тағылып, соталды тергеу амалдары басталды, - дейді ШҚО ІІБ баспасөз қызметі.
Жас жігіт бір ай бойы полицейлерден жасырынып жүрген. Енді оған жол-көлік оқиғасын бұзу және оқиға орнынан із суыту бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.