Тәуелсіздік күніне орай Өскеменде жаппай сатылым басталады
Сенбі күні Өскемен қаласында жәрмеңке өтпек
Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Тарбағатай мен Шемонайха аудандары қатар келмек.
Ал жәрмеңке Республика алаңында ұйымдастырылмақ.
16 желтоқсан күні таңғы 09.00 шамасында Тарбағатай мен Шемонайха аудандарының кәсіпкерлері сауда нүктелерінде үздік тауарларын арзан бағамен ұсынады. Шұжық, ет, сүт және өзге де тауарлар 10-15 пайызға арзан болады. Сауда-саттық түскі асқа дейін жалғасады.